Зырян қ. ТМТ геологиялық барлау жұмыстары 2017 ж.

2017 жылы «ЦентрГеоКонсалтинг» ЖШС «Ертiс-ВК Продвижение» ЖШС-мен жасалған шарт негізінде Зырян кенішінің үйінділеріндегі техногендік минералдық түзілімдерге кешенді геологиялық барлау жұмыстарын жүргізді.

Жұмыс барысында механикаландырылған және қолмен қазу тәсілдері арқылы орлар мен шурфтар қазылды, тау-кен қазбаларының геологиялық құжаттамасы әзірленді, координаттық байланыстыру жұмыстары жүргізіліп, сынама алу жұмыстары орындалды.